Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді Wildberries-те де бөліп төлеу мүмкіндігі бар

Енді Wildberries-те де бөліп төлеу мүмкіндігі бар

Әлеумет 15.02.2026, 15:10 103
Енді Wildberries-те де бөліп төлеу мүмкіндігі бар
Сурет: Elorda.info

Қазақстанда Wildberries маркетплейсі тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу қызметін іске қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мұндай шешім еліміздегі ірі қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеудің арқасында жүзеге асырылып отыр.

Бұл тапсырыс сомасын кесте бойынша 3 немесе 6 ай ішінде бірдей сомада бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Төлемді бөліп төлеу қызметін тапсырыс рәсімдеу кезінде мобильді қосымша арқылы таңдауға болады. Бөліп төлеу арқылы құны 10 000 теңгеден басталатын тауарларды сатып алуға болады.

Сатып алушыға бірнеше серіктес ұсынған бөліп төлеу нұсқалары ұсынылады және ол шарттармен, оның ішінде комиссия көлемімен танысып, өзіне ыңғайлы болатын нұсқаны таңдай алады. Егер сатып алушы тауардан бас тартса, бөліп төлеу қызметі де автоматты түрде жойылады.

Платформаға тауарларды сатып алуға арналған жаңа қызметтердің енгізілуі сатып алушылардың пайдаланушы ретіндегі тәжірибесін арттырып қана қоймайды, сондай-ақ сатушылар бизнесінің өсуіне де қарқын береді. Бөліп төлеу конверсия мен орташа чекті арттыра отырып, сатылымдар көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Тәуелсіз зерттеулер деректеріне сай, бөліп төлеуді іске қосу орташа чек сомасын 11–25%-ға арттырады. Айта кететін маңызды жайт, бөліп төлеу сатушыларға әсер етпейді: оларға тауар ақысы бірден төленгендегі секілді толықтай және белгіленген мерзімдерде түседі.

Жақын арада Қазақстанда Wildberries платформасында, сондай-ақ ислам банкингі ережелері бойынша серіктестік бөліп төлеу қызметі де қолжетімді болмақ.

"Пайдаланушыларға арнап біз заманауи және әр адамға жеке-жеке шопинг-тәжірибе жасап жатырмыз. Бұл стратегия аясында біз жаңа қаржы қызметтерін іске қосуды жалғастырамыз: енді несие өнімдерінен бөлек біздің платформада Қазақстанда бөліп төлеу де қолжетімді. Мұндай қадам сатып алушылар сұранысын қанағаттандырып, оларға икемді төлем құралдарын ұсынады және сатушыларымыздың бизнесін өркендетуге септігін тигізеді", - деп пікір білдірді Қазақстандағы Wildberries-тің директоры Виктор Никифоров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Wildberries
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.