ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Енді шетелдіктер де ЖСН ала алады

Енді шетелдіктер де ЖСН ала алады

Заң мен тəртіп 03.04.2024, 10:01 1,140
Енді шетелдіктер де ЖСН ала алады
Сурет: интернеттен
Бұйрық 2024 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.


Шетелдіктер  Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба аясында енді шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады" , – делінген құжатта.



Жобаның қолданылу мерзімі - 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.


Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін алады.


Азаматтың ҚР шет елдердегі мекемесіне жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.


Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат мекемеге өзі жүгінуі керек. Сонымен қатар, төмендегі құжаттар қажет:


форма бойынша өтініш;


жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер ҚР халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдік паспортта жарамды).



Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің Аты, туған жері) жазылуы болмаса, нотариат куәландырған құжаттың тиісті аудармасын қосымша алып келу керек.



Қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар қабылданбайды.


Қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін:


Құжаттарды тексеру


ХҚКО ИАЖ-да ЖСН қалыптастыруға өтінімді ресімдеу.


Өтінімнің дайын болу реттілігі:


ХҚКО ИАЖ-ға келіп түскен ЖСН қалыптастыруға байланысты өтінімдер толтырылады.


Дайын формада көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне жіберіледі.


ІІМ операторы келіп түскен өтінімдерді тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру рәсімін жүзеге асырады.


Артынша, ІІМ операторы көші-қон полициясы арқылы ХҚКО ИАЖ-ға дайын ЖСН туралы мәліметтерді жібереді.


Содан кейін консул тіркеу куәлігін басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді.


Пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізімі бекітілді. Оның құрамына республиканың 96 елшілігі мен консулдығы кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.