AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді сарбаздар ЖОО-да тегін білім ала алады

Енді сарбаздар ЖОО-да тегін білім ала алады

Әлеумет 27.01.2023, 11:12 1,232
Енді сарбаздар ЖОО-да тегін білім ала алады
Сурет: Aqmeshit-aptalygy.kz

Бұл үшін мерзімді әскери қызметшілер әскери қызмет туралы куәлікті және әскери билеттің көшірмесін тапсырса болғаны.


27 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева әскери борышын өтеген азаматтарға білім беру туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Айгүл Төлембаева 2022 жылдан бері Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға білім беруде жеңілдіктер жасау жөнінде бастама көтеріп, көптеген жұмыстар атқарып жатқанын еске салды.



«Біріншіден, әскери борышын өтеген жігіттер күнтізбелік жыл ішінде ҰБТ-ны есепке алмай, ақылы негізде еліміздің барлық жоғары оқу орындарына түсе алады. Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілген қабылдаудың үлгілік қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өтемін. Бұл Ережені Әділет министрлігі бекітті және қазір тіркеу сатысында», - деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.



Спикер мұндай келісімшарт жасасқан 40 жоғары оқу орны тегін білім алуға барлығы 3000-ға жуық орын беретінін айтты.


Сондай-ақ оның айтуынша, жауынгерлік даярлық саласында ең жоғары нәтиже көрсеткен әскер қатарына шақырылған сарбаздар университет тарапынан 100% жеңілдікпен оқуға түсуге мүмкіндік алады. Жоғары оқу орындарымен тиісті келісімдер жасалды, олардың тізімімен департаменттің ресми сайтында танысуға болады.


Спикердің айтуынша, мерзімді әскери борышын өтеген әскери қызметшілер де мұндай кафедралар бар жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында емтихансыз тегін оқи алады.



«Әскерде борышын өтегеннен кейін олар запастағы жауынгер атанады, ал егер офицерлік шен алғылары келсе, әскери кафедраға түсіп, запастағы лейтенант атағын алады. Ең бастысы, әскери борышын өтеп,жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына конкурстық іріктеу негізінде емтихансыз түсуге мүмкіндік алады, қызмет нәтижелері бойынша», - деді Айгүл Төлембаева.



Бұл жеңілдіктерді пайдалану үшін мерзімді әскери қызметшілер жоғары оқу орындарына құжаттар тізімін, халыққа қызмет көрсету орталықтарында берілетін әскери қызмет туралы куәлікті және әскери билеттің көшірмесін тапсырса болғаны.


"Бұл жағдайда олар әңгімелесудің негізінде және оның қорытындысы бойынша ҰБТ-ны есепке алмай, жоғары оқу орындарына түсуге құқылы болады", - деп сендірді Айгүл Төлембаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #сарбаз #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);