ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады

Енді сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады

Әлеумет 18.12.2025, 17:37 298
Енді сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталады
Алматы әкімдігі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем...

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында қабылданған жаңа норма бұрын МӘМС жүйесіне тұрақты жарна төлеп келген, бірақ уақытша табыссыз қалған азаматтарға қатысты.

«Егер азамат МӘМС жүйесіне кемінде бес жыл қатарынан жарна төлеген болса, оның сақтандыру мәртебесі алты ай бойы сақталмақ. Мұндай жағдайға көбіне жұмысынан айырылып, уақытша жұмыссыз қалған адамдар тап болуы мүмкін. Бірақ бұл жеңілдікті жүйедегі барлық төлеушілер бірдей қолдана алады», – деді МСҚ Алматы қалалық филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.

Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болмақ. Жарна төленбей қалған айлар үшінтөлемді дербес төлеуші ретінде төлеуге болады. 2026 жылы бұл санаттағы азаматтар үшін ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені құрайды.

Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3-ақ ай сақталады. Алдағы уақытта бұл талап та сақталып қалмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.