AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Енді салыққа 1 теңге қарыз болғаныңыз үшін есепшот...

Енді салыққа 1 теңге қарыз болғаныңыз үшін есепшотыңыз бұғатталмайды

Қаржы 26.10.2023, 13:36 1,656
Енді салыққа 1 теңге қарыз болғаныңыз үшін есепшотыңыз бұғатталмайды
Сурет: ашық дереккөз




Қазір кәсіпкерлердің шоттары әлеуметтік төлемдер бойынша 1 теңгеден астам қарыз болған жағдайда бұғатталып жатады.


Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәселеге қатысты түзетулер енгізу жоспарланып жатқанын хабарлады. 











Енді кәсіпкерлердің банктік шоттары қарыздардың шамалы мөлшеріне байланысты бұғатталмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Айта кетсек, салық органдары салық берешегі 6 АЕК-тен асатын (2023 жылы 20 700 теңге) банктік шотқа тыйым сала алады. Алайда әлеуметтік төлемдер бойынша банктік шоттарға тыйым салу 1 теңгеден астам берешек бойынша жүргізіледі. Себебі бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып есептелінеді.


Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.


«Кішігірім қарыздар үшін банктік шоттарға тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомалары шегінде шектеулер жүргізу  ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болғанда – тек 100 теңге бұғатталады. Бұл түзетулер банктік шоттардағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін шешеді», делінген ресми хабарламада.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 теңге #есепшот #бұғаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);