Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына...

Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі

Әлеумет 12.06.2024, 16:48 751
Енді қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі
Сурет: Egemen.kz

Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Заңда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде, адам өмірін сақтап қалу және құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына тұрғын үй беру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz El.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, көп балалы отбасылар мен жесірлерге беріледі. Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері кіреді, - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ұлықбек Тұмашинов.

Депутаттың сөзінше, бұдан бөлек халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #заң #екінші оқылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.