ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Енді қорқынышты ойыншықтар сатылмауы мүмкін

Енді қорқынышты ойыншықтар сатылмауы мүмкін

Өмір-өзен 27.01.2023, 04:48 1,690
Енді қорқынышты ойыншықтар сатылмауы мүмкін
Сурет: Snob.ru
Мұндай ойыншықтар зорлық-зомбылық пен агрессиямен байланысты ойын сюжетін тудырады.

Мұндай ойыншықтар зорлық-зомбылық пен агрессиямен байланысты ойын сюжетін тудырады.


Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттер балалардың психикалық дамуына жағымсыз әсер ететін ойыншықтарға қойылатын талаптарды әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.


Мамандар «Психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік» талаптарын әзірлеуді ұсынды. Себебі нарықта қорқынышты, күш көрсету белгілері бар, гибридті және тағы басқа балалардың психикалық дамуына жағымсыз әсер ететін ойыншықтар көбейді. Ал психологтардың айтуынша, ондай қорқынышты ойыншықтар зорлық-зомбылық пен агрессиямен байланысты ойын сюжетін тудырады.



«Ойыншықтарға арналған қолданыстағы техникалық регламентте тек материалдарға, токсикологиялық-гигиеналық және микробиологиялық көрсеткіштерге, физикалық және механикалық, химиялық және электрлік қасиеттерге, радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптар ғана белгіленген. Осылайша нарықтан қорқынышты ойыншықтарды алып тастау мүмкін емес», - дейді мамандар.



Мәскеуде ЕЭК кеңесінде қазақстандық сарапшылар бұл мәселені қарастыру үшін ойыншықтың балаға кері әсерін анықтайтын өлшемдерді белгілейтін стандарттар қажет екенін жеткізді.



«Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастырудың маңыздылығы күмән тудырмайды. Қазақстан 2015 жылы ойыншықтарға психологиялық-педагогикалық сараптама жүргізу үшін техникалық регламентке өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Ол кезде мұндай ойыншықтардың баланың психикасына жағымсыз әсер ету критерийлерін айқындау стандартының болмауына, ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігіне байланысты құжат қолдау таппады», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.



Оның айтуынша, ойыншықтардың баланың психикасына кері әсер ету критерийлерін айқындау стандарты дайын болғаннан кейін қолданыстағы техникалық регламенттерді өзгерту керек.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.