ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді Қазақстанда педагогтердің құқықтары қалай қор...

Енді Қазақстанда педагогтердің құқықтары қалай қорғалады?

Әлеумет 24.05.2022, 11:11 2,742
Енді Қазақстанда педагогтердің құқықтары қалай қорғалады?
almaty-akshamy.kz
ҚР Білім және ғылым министрі педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Педагогтер құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» 2022 жылғы 27 сәуірдегі №172...

ҚР Білім және ғылым министрі педагогтердің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Педагогтер құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» 2022 жылғы 27 сәуірдегі №172 бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қаланың, аудандардың білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарына педагогтердің кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде мыналарға жол берілмейді:



ҚР заңнамасына сәйкес, әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға;
Педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етуге;
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінде көзделмеген тексерулерді жүргізуге;
Оларға тауарлар мен қызметтердің әртүрлі түрлерін сатып алу бойынша міндеттер жүктеуге.



Бұл ретте білім беру ұйымдары қажетті ақпаратты тек ҚР БҒМ-нің, сондай-ақ қаланың, ауданның білім беруді басқару органдарының сұратуларына ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуы тиіс.


Сондай-ақ, Г. Ермекбаева жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша іс-шараларды білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізу қажеттігін атап өтті.


Білім беруді басқару органдары осы бұйрықтың тармақтарын, оның ішінде педагог құқығын бұзған жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, яғни біздің департаментке жүгінуге құқылы. Комитет пен аумақтық департаменттер ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды. Осы бұйрықпен білім беру ұйымының әрбір басшысы танысып, педагогтерге жеткізуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,444 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.