AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді несие төлемін кейінге шегеруге болады

Енді несие төлемін кейінге шегеруге болады

Әлеумет 21.08.2025, 11:15 640 aqshamnews.kz
Енді несие төлемін кейінге шегеруге болады
aikyn.kz

Белгілі бір себептерге байланысты табыстан айырылғаныңызды немесе отбасында кіріс азайғанын тиісті құжатпен растай алсаңыз, несие төлемін кейінге шегерте аласыз, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Егер Сіз:

әлеуметтік осал топтағы азамат болсаңыз;

төтенше жағдайдан зардап шексеңіз;

кәсіпкер болсаңыз — бұл жаңа ереже Сізге қатысты.

Жеңілдік қандай жағдайда жасалады?

Белгілі бір себептерге байланысты табыстан айырылғаныңызды немесе отбасында кіріс азайғанын тиісті құжатпен растай алсаңыз, несие төлемін кейінге шегерте аласыз. Ол кезде ай сайынғы төлемді 3 айға дейін кейінге қалдыруға болады.

Не істеу керек?

Иә, жаңа тәртіптің өз шарты бар. Қарыз иесі арнайы бекітілген формада өтініш жазып, тұрмыс жағдайының қиындағанын растайтын құжаттарын тапсыруы керек. Ал банк немесе микроқаржы ұйымы оны 15 күн ішінде қарауға тиіс.

Бұған дейін елімізде несие төлемін кейінге шегеру туралы нақты әрі міндетті мұндай тәртіп болмаған. Тұтынушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына жағдайын айтып өтініш бергенімен, шешім шығару — ұйым құзыретінде болды. Енді жаңа талапқа сай, өтінішіңіз уақытылы қаралмаса, жауапты мекемелерге шағымдана аласыз. Ереже тамыздың 31-інен бастап күшіне енеді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Ғаділбек Әкім былай дейді:

«Несиені шегергілеріңіз келсе алдын-ала қимылдаған жөн. Көп созбай омбудсмендерге шығу керек. Одан шешім болмай жатса, әрине, қаржы нарығын қадағалау агенттігіне ресми түрде Е-Өтініш арқылы немесе аймақтық өкілдерге немесе орталық аппаратқа келіп, арыз жазуыңызға болады.»

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #шегеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);