AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді көлік жүргізушілеріне жаңа хабарлама жіберіле...

Енді көлік жүргізушілеріне жаңа хабарлама жіберіледі

Әлеумет 02.10.2023, 06:41 1,378
Енді көлік жүргізушілеріне жаңа хабарлама жіберіледі
Сурет: интернеттен

30 күн бұрын ескерту жасалады.


Push-хабарлама техникалық байқау құжатының жарамдылық мерзімі аяқталатынын ескертеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«eGov mobile мобильді қосымшасы көлік жүргізушілеріне техникалық байқау құжатының мерзімі өтетіні туралы push-хабарламалар жібереді», делінген "ҰАТ" АҚ қоғаммен байланыс басқармасы таратқан ақпаратта.


Қазақстандықтар бүгіннен бастап push-хабарламалардың жаңа түрін алады. Хабарламалар диагностикалық тексеру картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы алдын ала хабарлайды.



"Бұл азаматтарға құжаттың жарамдылық мерзімі туралы 30 күн бұрын ескертуге мүмкіндік береді. Жіберілген push-хабарламалар eGov mobile мобильді қосымшасының "Хабарламалар" бөлімінде қолжетімді. Егер мобильді қосымша орнатылмаған болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтемесі бар 1414 нөмірінен жаңа хабарлама келгені туралы SMS жіберіледі", - делінген хабарламада.



"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, push-хабарлама жүргізушілер үшін ыңғайлы, себебі ол бір ай бұрын жіберіледі, яғни азаматтардың жаңа құжатты қайта рәсімдеуге уақыты болады.



"Осылайша біз көлік иелеріне көптеген қауіптің алдын алуға көмектесеміз. Бүгінде eGov mobile әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған push-хабарландырулардың 15 түрін ұсынады. Уақыт өте бұл сан артады", - деп атап өтті Коняшкин.



Сондай-ақ eGov мобильді қосымшасында цифрлық құжат – "Диагностикалық техникалық байқау картасы" қолжетімді. Жаңа құжатта техникалық жай-күй параметрлерінің тізбесі мен міндетті техникалық байқаудың нәтижелері көрсетілген көлік пен оның тіркемелерінің иесі туралы мәліметтер бар. Құжаттың мерзімі өтіп кетсе, ол цифрлық құжаттарда көрсетілмейді.


Көлік иелері электронды құжатты қағаз құжатпен қатар ұсына алады. Цифрлық құжатты eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі "Цифрлық құжаттар" бөлімінен табуға болады. Құжат иесі оған QR коды арқылы қол жеткізе алады, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хабарлама #Ескерту #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);