AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Енді жолаушылар туралы деректер ІІМ-ге берілмек

Енді жолаушылар туралы деректер ІІМ-ге берілмек

Заң мен тəртіп 22.08.2025, 10:52 830
Енді жолаушылар туралы деректер ІІМ-ге берілмек
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстандықтардың әр сапарын Ішкі істер министрлігі бақылайтын болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тиісті бұйрыққа Қазақстанның көлік министрінің міндетін атқарушы қол қойды.    

Қазақстанда 31 тамыздан бастап әуе, теміржол және теңіз көліктерімен жүретін жолаушылар туралы мәліметтер құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға берілетін болды. Бұл өзгерістер халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін енгізіліп отыр.

Әуе компаниялары, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар да, жолаушылар мен экипаж туралы деректерді екі мәрте – рейске 48 сағат қалғанда және тіркеу аяқталған соң жолдайды. Мәліметтер ішінде аты-жөні, туған күні, жынысы, азаматтығы, құжат деректері, рейс нөмірі, ұшып шығу және келу уақыты мен бағыты, орын нөмірі, багаж ақпараты және (жолаушы келіссе) байланыс деректері болады.

Пойыз билеттері туралы ақпарат тәулігіне 5 ретке дейін, ал теңіз көлігі бойынша тәулігіне 4 ретке дейін жолданады. Жиналатын деректердің ішінде жолаушының аты-жөні, құжат деректері, сапар бағыты және келісім болса, байланыс нөмірі бар.

Барлық мәлімет Астана уақыты бойынша тіркеледі және 5 жыл бойы сақталады.

Сонымен қатар этникалық шығу тегі, саяси көзқарас, діни немесе философиялық сенім, кәсіподаққа қатыстылық пен жыныстық бағдар сияқты жеке мәліметтерді жинауға тыйым салынған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #билет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);