AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Енді елімізде ақылы жолда төлем жасау ережелері өз...

Енді елімізде ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгереді

Заң мен тəртіп 15.12.2025, 15:32 993
Енді елімізде ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгереді
Сурет: интернеттен

Көлік министрлігі ақылы жолдарда төлем жасау тәртібін жаңартуды жоспарлап отыр. Жаңа өзгерістер жүргізушілерге төлемді уақытында өтеуге көбірек мүмкіндік беріп, айыппұлға ілігу қаупін азайтуды көздейді, деп хабарлайды AqshamNews.kz тілшісі.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, қазір қолданыстағы ереже бойынша жүргізуші ақылы жол ақысын 7 күнтізбелік күн ішінде төлемесе, 8-күні материалдар ӘҚБтК талаптарына сай көлік бақылау органдарына жолданады.

Алдағы уақытта бұл тәртіп жеңілдетіледі: енді жеке тұлғаларға төлем жасауға 30 күнтізбелік күн беріледі. Егер жолақы пайдаланған күннен бастап 30 күн ішінде төленбесе, материалдар 31-күні көлік бақылау органдарына жіберілмек.

Сонымен қатар жаңа ережеде заңды тұлғалар үшін бөлек механизм енгізіледі. Егер заңды тұлға есептік кезең аяқталғаннан кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданады.

Министрлік бұл өзгерістер төлем процесін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етіп, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептермен кешіккен жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақылы жолдар #заң #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);