AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді дайын құжатты ХҚО-дан тәулік бойы алуға болад...

Енді дайын құжатты ХҚО-дан тәулік бойы алуға болады

Әлеумет 17.02.2026, 14:36 645
Енді дайын құжатты ХҚО-дан тәулік бойы алуға болады
Сурет: Азаматтарға арналған үкімет

Дайын құжаттарды ХҚО-дан өзіңізге ыңғайлы уақытта алу үшін постамат қызметін пайдалануға болады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы  Азаматтарға арналған үкімет мәлімдеді. 

Бұл сервис тәулік бойы жұмыс істейді және демалыс пен мереке күндері де қолжетімді.

- Постаматтар жаңартылған ХҚКО ғимараттарында, тәулік бойы ашық аймақтарда орналасқан. Құжат дайын болған кезде азамат оны маманға жүгінбей-ақ, постаматтағы жеке ұяшықтан өзі алып кете алады. Қызметті рәсімдеу кезінде ХҚКО-да өтініш бергенде дайын құжатты алу тәсілі ретінде постаматты таңдау қажет. Құжат постаматқа орналастырылғаннан кейін азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарламада ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіруден өту қарастырылған, - деп жазылған ақпаратта.

Дайын құжатты үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы мерзімде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.

Қазіргі таңда постаматтар еліміздің 10 өңірінде орнатылған. Жалпы саны 14 құрылғы жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын нәтижелерді алуға болады. 2026 жылы бұл қызметтің құны 518 теңгені құрайды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша постамат қызметін ең көп пайдаланған қалалар – Семей, Тараз және Түркістан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дайын құжаттар #ХҚКО #тәулік бойы алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);