ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салы...

Енді балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады

Мұны білген жөн 02.02.2026, 08:39 177
Енді балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады
сурет: ашық дереккөз
Түркияда балаларды ғаламтордың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған жаңа ережелер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Түркияда балаларды ғаламтордың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған жаңа ережелер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді қолдануына қатаң шектеу енгізілуі мүмкін.

Бастамаға сәйкес, 15 жасқа толмаған балаларға ата-анасының рұқсатын алса да әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салынады. Бұл жастағыларға тек өз жасына сай онлайн ойындар мен цифрлық платформаларға қол жеткізуге рұқсат етіледі.

Сонымен бірге әлеуметтік желі платформаларына балалар қауіпсіздігін күшейту, интернетке тәуелділіктің алдын алу тетіктерін іске қосу міндеттелмек. Ойындарға толық тыйым салынбайды, алайда нақты жас рейтингі жүйесі енгізіліп, әр бала тек өз жасына сай контентті пайдалана алады.

Тағы бір талап – жасты тексеру жүйесін енгізу. Қолданушылардың жасын анықтау рәсімдері арнайы ережелермен бекітіліп, жасына сәйкес емес контентке қолжетімділік шектеледі. Бұған қоса ата-аналардың балалардың цифрлық ортадағы әрекетін бақылау құқығы кеңейіп, зиянды мазмұн туралы жедел шағым түсіруге арналған электронды жүйе құрылмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда да 16 жасқа дейін жасөспірімдерге әлеуметтік желіде тіркелуге шектеу қою мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ұсыныс онлайн-платформалар мен БАҚ қызметін реттейтін заң жобасында қамтылып, құжат сараптамадан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.