ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді әскери қызметкерлер бала-шағасымен бірге пойы...

Енді әскери қызметкерлер бала-шағасымен бірге пойызбен тегін қатынай алады

Әлеумет 22.01.2026, 14:03 225
Енді әскери қызметкерлер бала-шағасымен бірге пойызбен тегін қатынай алады
сурет: ЖИ
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны таныстырылып, оны өңірлерде тиімді іске асыру жолдары талқыланды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны таныстырылып, оны өңірлерде тиімді іске асыру жолдары талқыланды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Жиында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін жүре алатыны айтылды. Бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі Айнұр Базарбаеваның түсіндіруінше, тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарға қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылады. Ал осы шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтеледі.

Сондай-ақ кездесуде «ҚТЖ» АҚ тариф саясаты департаментінің директоры Диас Түсіпбеков жеңілдікті пайдалану тәртібіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, мүмкін болатын техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерге тоқталды.

Іс-шара соңында ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов бастаманың маңызын атап өтіп, жобаны іске асыру кезінде белгіленген талаптардың қатаң сақталуы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қолдау әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.