AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді әкелерге бала күтімі бойынша еңбек өтілі есеп...

Енді әкелерге бала күтімі бойынша еңбек өтілі есептелуі мүмкін

Әлеумет 19.11.2025, 11:38 632
Енді әкелерге бала күтімі бойынша еңбек өтілі есептелуі мүмкін
Сурет: kaz.inform.kz

Мәжілісте таныстырылған жаңа заң жобасы бала күтімі кезеңіндегі құқықтық теңсіздікті жоюды көздейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Егер түзетулер қабылданса, үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырған әкелердің де бұл уақыты еңбек өтіліне қосылмақ.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов бірқатар әлеуметтік өзгерістерді қамтитын заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, қолданыстағы жүйеде үш жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырған жұмыссыз аналардың бұл кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Алайда дәл осындай құқық әкелерге берілмей келген.

Депутат осы олқылықты жоюды ұсынып отыр. Заң жобасы қабылданған жағдайда, бала күтімімен отырған әкелердің уақыты да ресми еңбек өтілі ретінде мойындалатын болады. Аймағамбетовтың айтуынша, бұл өзгеріс тек әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, отбасындағы рөлдердің теңдігін нығайтады.

"Бұл – тек техникалық түзету емес. Әділдікке жасалған маңызды қадам. Отбасылық жауапкершілікті тең дәрежеде қалыптастыру үшін қажет шара", деді депутат.

Ол әріптестерін заң жобасын бірінші оқылымда қолдауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бала күтімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);