конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және...

Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды

Әлеумет 05.03.2025, 16:05 1,000
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту бойынша онлайн-кеңес өтті.

Іс-шараға Еңбекмині Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының және «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасында 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру барысы, атап айтқанда кәсіпорындарға тәуекел сыныбын бере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалау рәсіміне толыққанды көшуге бағытталған құралдарды енгізу және жұмыстар жүргізу қаралды.

«Қазіргі уақытта қолданысқа енгізілген Кәсіпорындардың цифрлық картасы нақты уақыт режимінде кәсіпорындардағы тәуекелдерді болжауға және алдын алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 91,1 мың кәсіпорындағы жағдайға мониторинг жүргізіледі. Осындай алдын алу шараларының арқасында жоғары тәуекел аймағынан 2,8 мың кәсіпорын шығарылды, оларда жалпы 70 мыңнан астам жұмыскер бар.», – деді Ақмәди Сарбасов.

Ол сондай-ақ биыл Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп Қазақстанның тау-кен өндіру секторында еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесу жөніндегі арнайы жоба іске қосылғанын хабарлады.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту, Қазақстанда еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігі және т. б. бойынша ықтимал шараларды талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбекмин #Өндірістік жарақаттану #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);