Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еңбекминінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге жән...

Еңбекминінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Әлеумет 28.06.2024, 16:28 635
Еңбекминінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері талқыланды
Сурет: Gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ведомство басшысы Светлана Жақыпованың төрағалығымен Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымының субөңірлік үйлестірушісі, ХКҰ-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Светлана Жақыпова өзінің алғы сөзінде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын өткізу жөніндегі жұмыс органының функциялары Еңбекминіне берілгенін атап өтті.

«Кеше ғана ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысының екі оқылымында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң мақұлданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаттары: адам саудасы құрбандарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау. Заңға қол қойылғаннан кейін Мемлекет басшысы заңға тәуелді актілерді әзірлеу және бекіту бойынша үлкен жұмыс жүргізетін болады», – деді министр.

Отырыс барысында мемлекеттік еңбек инспекторларының мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әкетуге, әкелуге және адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ шетел азаматтарын-адам саудасының құрбандарын репатриациялау мәселелері: ХКҰ-ның Қазақстандағы 2000-2020 жылдардағы тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбекмин #әлеумет #адамдарды заңсыз әкету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.