Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде т...

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шарттар саны 90%-ды құрады

Әлеумет 27.11.2023, 04:54 1,047
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген  шарттар саны 90%-ды құрады
Сурет: Gov.kz

2023 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша республика бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 370 мыңды немесе 90%-ды құрады.


Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін пайдалану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, соның ішінде құжаттарды жинау қажеттілігі алып тасталады.


Жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу, оның ішінде жұмыскерлерді жалдау және ауыстыру оңтайландырылады. Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізудің арқасында ол жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек қызметі, жұмыс өтілі және қызметкердің біліктілігі бойынша сенімді деректерді ала алады. Тиісінше, қызметкерлерді іріктеу неғұрлым сапалы деңгейде жүзеге асырылады.


Бұдан басқа, қазіргі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылады. Ұжымдық шарттардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік беру.


Бүгінгі күнде Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының 94,2%-ында ұжымдық шарттар жасалды. Өңірлерде еңбек инспекциясы барлық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.


Еңбек шарттарын тіркеу hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы жүзеге асырылатынын естеріңізге сала кетейік, ол Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылатын. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейін сүйемелдейді. Азаматтар порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер алып, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді және Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады, ол үшін тек бір есептік жазбасы болса жеткілікті.


Сондай-ақ, портал функционалын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек шарттары #бірыңғай жүйе #тіркеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.