Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Enbek» қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан ас...

«Enbek» қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан астам адам оны жүктеп алды

Әлеумет 31.01.2023, 09:42 1,172
«Enbek» қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан астам адам оны жүктеп алды
Сурет: Оrtcom.kz

Мобильді қосымша бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналасуға көмектеседі.


Enbek.kz порталының мобильді қосымшасы Электрондық еңбек биржасындағы жұмыспен қамту саласы бойынша смартфонның көмегімен қызметтерді алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Enbek.kz» мобильді қосымшасы сайтпен толықтай синхрондалған, бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналасуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік береді. Мәселен, мобильді қосымша арқылы 6,2 мың адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, ал 5,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның ішінде 200-ден аса жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш білдіріп, әлеуметтік жәрдемақы алды, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.



Сондай-ақ, қосымшаның көмегімен мемлекет тарапынан субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына орналасуға болады, олар: әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.


«Enbek.kz» мобильді қосымшасын қолданушылар қызықтырған бос жұмыс орындарына жауап беріп, жұмыс берушілерден шақырту ала алады. Push-хабарландыру функциясының көмегімен түйіндемені қараған және оған жауап берген ақпаратты, сұхбатқа шақыру және жұмыс берушінің сұқбат нәтижесі бойынша шешімін жіберіп алмауға мүмкіндік береді.


Қолданушылар қосымшаны PlayMarket және AppStore дүкендерінен жүктей алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #қосымша #мобильді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.