Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек мигранттары Қазақстанға қай елдерден жиі кел...

Еңбек мигранттары Қазақстанға қай елдерден жиі келеді

Әлеумет 20.12.2023, 06:31 1,012
Еңбек мигранттары Қазақстанға қай елдерден жиі келеді
Сурет: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 870 шетел азаматы еңбек етеді.



Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 131 адам (29,7%), Үндістан – 1 281 адам (9,2%), Түркия – 1 249 адам (9%), Өзбекстан – 969 адам (6,9%), деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:




  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 374 рұқсат (бірінші санат),

  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 742 рұқсат (екінші санат).



Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 124 және 637 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 2 183 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 810 адам тартылды.


"Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 690 жұмыс беруші бар. Оларда 464 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97%-ы. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 460 адам (24,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 649 адам (11,8%), өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,3%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 266 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 782 адам (5,6%)".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек мигранттары #жұмыс #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.