AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек майталманы

Еңбек майталманы

Әлеумет 27.08.2025, 12:38 820
Еңбек майталманы
gov.kz

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылында қарапайым еңбек адамдарын бағалау мен дәріптеу – ел дамуының маңызды бағытына айналды. Өйткені кәсібіне адал, ісіне тиянақты мамандар – нағыз ел тірегі. Солардың бірі – бульдозер машинисі Болат Жолтайұлы Кенжемұханов.

Ол өндіріс саласында 34 жылдан астам еңбек етіп келеді. Көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі арқасында Болат Жолтайұлы бүгінгі таңда ұжымына да, қоғамға да үлгі болып отыр. Өзінің еңбек жолын «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамында бастап, жиырма жылға жуық сол кәсіпорында тер төкті, ал соңғы жылдары «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС-де қызметін жалғастыруда.

Болат Жолтайұлы – тек мықты маман ғана емес, сондай-ақ жастардың нағыз тәлімгері. Жаңа келген жұмысшыларға бағыт-бағдар беріп, өз білімін аямай бөлісетін тәжірибелі маман. Ол бульдозер техникасының қыр-сырын жетік меңгеріп, қауіпсіздік талаптарын әрдайым бірінші орынға қояды.

Әріптестері оны қарапайымдылығы мен адалдығы үшін, ал басшылық жоғары кәсібилігі үшін құрметтейді. Жұмыстағы ұқыптылық, тәртіпке деген жауапкершілік – оның басты қағидалары.

Болат Жолтайұлының көп жылғы қажырлы еңбегі лайықты бағаланды. Ол 2022 жылы «Кенші даңқы» III дәрежелі төсбелгісімен марапатталды. Бұл – тек бір адамның емес, тұтас бір ұрпақтың еңбегіне берілген баға. Бұл марапат кен өндіру саласында көп жыл бойы абыройлы қызмет етіп жүрген, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен азаматтарға беріледі. Б.Жолтайұлы бұл құрметке ісімен де, өмірлік ұстанымымен де әбден лайық.

Болат үшін басты құндылық – отбасы. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп, оларға еңбекке деген сүйіспеншілікті, адамдарға деген құрметті және туған елге адал болуды үйретті. Бұл – көп жылдық еңбек жолымен қатар жүретін адамдық өнеге.

Бүгінде ұрпағына өнеге бола білген еңбек адамы – қоғам үшін де, ұрпақ үшін де баға жетпес тұлға.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #техника #бульдозер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);