AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек кітапшасында бір ғана жазу бар Сәруар әжей 1...

Еңбек кітапшасында бір ғана жазу бар Сәруар әжей 100-ге келді

Әлеумет 26.04.2024, 08:58 1,383 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Еңбек кітапшасында бір ғана жазу бар Сәруар әжей 100-ге келді
almaty-akshamy.kz

Биыл жүз жасқа толып, ғасырмен құрдас атанып отырған керемет тұлға – Сәруар Ғаниқызы Мұхамадееваны өзінің табысты еңбек жолымен жастарды шабыттандырудың үлгісі деуге болады. Ол өмірінің жарты ғасырында Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік институтында адал қызмет еткен аяулы жан. Бүгін мерейтой иесін бұрынғы әріптестері үйіне барып құттықтап, денсаулық тіледі.


Сәруар Мұхамадееваның еңбек жолы жоғары жауапкершілікпен, кәсібилікпен және адалдықпен ерекшеленеді. Еңбек кітапшасындағы жалғыз жазба оның жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік институтында 50 жыл бойы табанды да табысты еңбек еткенін көрсетеді. Осы уақыт ішінде ол жас маманнан әріптестерінің құрметіне ие болған абыройлы, жоғары білікті қызметкерге дейінгі жолдан өтті.


Сәруар Ғаниқызы жерге орналастыруда инновациялық әдістер мен технологияларды әзірлеуге және енгізуге елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігі мен тәжірибесі ол қатысқан барлық жобаларда табысқа жетудің ажырамас факторлары болды. Оның әріптестері мен басшылары оның кәсібилік, жауапкершілік және ұқыптылық деңгейін әрқашан жоғары бағалады.
Осындай жанды ұмыту мүмкін емес. 100 жасап отырған қария барлық құрметке лайықты. Қазір Сәруар әжей қызы Ләйла Кокубаеваның қамқорлығында.



«Сәруар Ғаниқызы айналасындағы жандардың отбасылық жағдайына да алаңдап, қамқор болып жүретін. Қаншама жастың материалдық жағдайының жақсаруына өлшеусіз үлес қосты. Ал өзіне келгенде пәтер сұрап немесе дербес зейнетақы аламын деп ұмтылмаған жан. Бұл қасиеті көпке үлгі болуға тиіс», – дейді 40 жылдай бірге жұмыс істеген әріптесі Бақыткүл Дүйсенбекова. 



Ал ДАПОиКИР директоры Болат Жылқыбеков: «Біз жерге орналастыру саласына үлес қосқан аға ұрпақ еңбегін ұмытпаймыз. Сәруар Ғаниқызы еңбек еткен мекеме бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрамында.   Корпорация басшылығы осы салаға жетекшілік ететін Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаевтың тапсырмасымен ардагерімізді мерейтойымен құттықтап, басшылықтың медалі мен құттықтауын тапсырдық. Аға ұрпақтың өнегелі ісі жастарға әркез үлгі және ұмытылмақ емес», – деген ықыласын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәруар Ғаниқызы #ғасыр #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);