ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының ү...

«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады

Әлеумет 14.03.2025, 11:20 487
«Еңбек жолы» конкурсында жұмысшы мамандықтарының үздік мамандары анықталады
Сурет: Gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысу үшін...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

«Еңбек жолы» байқауы еліміздегі Еңбек күнін мерекелеуге және «Еңбек адамын» құрметтеуге орайластырылған. Ол өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейде, үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең үлкен әулет таңдалады; «Өндірістің үздік жас жұмыскері» – 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмыскері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа өнеркәсіп саласына қарамастан барлық кәсіпорындардың жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының төрағалығымен комиссиялар айқындайды. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің өкілдері кіретін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы комиссия айқындайды.

Еңбекмині еңбек әулеттерінің өкілдерін де, бастамашыл жас жұмыскерлер мен олардың тәлімгерлерін де конкурсқа белсенді қатысуға шақырады.

Осы сайыс жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.