ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Еңбек демалысы кезіндегі қызметкердің құқығы: басш...

Еңбек демалысы кезіндегі қызметкердің құқығы: басшылық демалыста мазаласа не істеу керек?

Мұны білген жөн 18.08.2025, 15:44 638
Еңбек демалысы кезіндегі қызметкердің құқығы: басшылық демалыста мазаласа не істеу керек?
сурет: ЖИ
Жаз - еңбек демалысының кезеңі. Қызметкер егер заңды еңбек демалысына шыққанда бастығы жұмыс бойынша хабарласса жауап бермеуіне бола ма? Бастығы оны мазалаған жағдайда не болады? Жұмысшыға не...

Жаз - еңбек демалысының кезеңі. Қызметкер егер заңды еңбек демалысына шыққанда бастығы жұмыс бойынша хабарласса, жауап бермеуіне бола ма? Бастығы оны мазалаған жағдайда не болады? Жұмысшыға не істемек керек? Аqshamnews.kz тілшісі заңгерден сұрап білді. 

Еңбек демалысының ең аз уақыты қанша? 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, әрбір қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқылы. Бұл – жұмысшының заңмен қорғалатын құқығы. Оның мақсаты – қызметкердің денсаулығын қалпына келтіру, күш-қуатын толықтыру және жеке істеріне уақыт бөлу.

Еңбек демалысының ең аз ұзақтығы – жылына 24 күнтізбелік күн. Ал кейбір сала қызметкерлері үшін (мұғалімдер, зиянды ортада істейтіндер) бұл мерзім ұзағырақ болуы мүмкін.

Бұл кезеңде қызметкер еңбек міндеттерінен босатылады және жұмыс беруші тарапынан еңбекақы сақталады. Демалыс уақытында ешқандай жұмысқа тартуға жол берілмейді, тек қызметкердің өз еркімен келісімі болған жағдайда ғана қосымша тапсырмалар орындалуы мүмкін.

Еңбек демалысы кезінде жұмыстан мазаласа не істеу керек?

Заңгер Қуат Ауғанбектің айтуынша, еңбек заңнамасында демалыстағы қызметкерге қоңырау шалуға немесе жазуға тікелей тыйым салынбаған. Дегенмен бұл қадам ұсынылмайды.

"Қызметкердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы – оның заңды құқығы. Бұл кезеңде ол жұмыс міндеттерін атқармауға тиіс. Сондықтан басшылық тарапынан жиі хабарласу дұрыс емес. Тек төтенше жағдай туындаса немесе аса маңызды мәселе бойынша шұғыл байланыс қажет болса ғана орынды деуге болады. Ал егер қызметкердің өзі келісіп, хабарламаларға жауап берсе, заңбұзушылық болмайды", – дейді Қуат Ауғанбек.

Нені ескерген жөн?

  • Алдын ала ескерту: демалысқа шығар алдында басшылыққа және әріптестерге демалыс күндерін нақты көрсетіп хабарлаңыз.

  • Автожауап қосып қойыңыз: электрон поштаға немесе мессенджерге "қазір демалыстамын" деген қысқаша хабарлама орнатып қойыңыз.

  • Істерді тапсырып кетіңіз: жұмыстағы ағымдағы міндеттерді әріптестерге бөліп беріңіз, бұл сізге демалыста тыныш болуға көмектеседі.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.