AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Еңбек адамының символы

Еңбек адамының символы

Сайлау-2023 11.11.2022, 10:21 1,483
Еңбек адамының символы
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Елдегі салалық кәсіподақ өкілдері Мейрам Қажыкенге каска жіберуде.


Осылайша олар кандидатқа өз қолдауларын білдіріп жатыр. 
«Кәсіподақ мүшелері еңбек адамының символы болған каскаларды жіберіп жатыр. Бізге пошта арқылы Қызылорда, Талдықорған, Петропавл және Қарағандыдан жолданғаны  туралы ақпарат келіп түсті. Біз олардың барлығын жинаймыз. Жұмысшылар каскаға өздерінің ізгі тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырады», - деді сайлауалды штабының басшысы Әбіл Кекілбаев.
Сондай-ақ, сенім каскасын  Алматы, Маңғыстау облысы, Павлодар, Арқалық және Көкшетау кәсіпорындарының жұмысшылары да жіберуде. Олар бұл бойынша арнайы әлеуметтік желілерге  бейнероликтер жүктеген. 
Мейрам Қажыкенге каска тапсыру трендке айналды. Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда сайлауалды штаб ашылып, үгіт-насихат басталған күні кәсіподақ өкілдері Мейрам Қажыкенге алғашқы касканы табыстаған болатын.
Сондай-ақ, өңірлердегі үгіт-насихат кезінде кандидат Өскемен ГЭС қызметкерлерінен, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің кеншілерінен және «Жезқазғанцветмет» кеншілерінен де сенім каскасын алды.
Сонымен қатар, А. Кекілбаевтың айтуынша, өңірлердегі штабтардың жұмыстары қызу жалғасуда: қазіргі таңда сенімді тұлғалар кәсіпорындарға, ауруханаларға, мектептерге және басқа да ұйымдарға барып, кандидаттың бағдарламасын таныстыру мақсатында  кездесулер өткізіп жатыр.  
«Қазақстан бойынша 140-тан астам сенімді тұлға бар. Қазір сайлауға байқаушы ретінде қатысатын еріктілерді іріктеу жұмыстары жүргізілуде», - деді елордалық штаб басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кандидат #сайлау #символ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);