AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Еңбек адамы

Еңбек адамы

Өмір-өзен 03.03.2023, 08:48 1,981
Еңбек адамы
Сурет: Massaget.kz

Көңді кәдеге жаратты.


Абай облысының Ақсуат ауданы Екпін ауылының тұрғыны Мақсат Күшебаев отынның жаңа түрін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Иә, расында таңғаларлық. Таңғаларлығы сол, өнертапқыш азамат шөптің сағдары мен малдың астынан шығатын көңнен көмір дайындаған. Ол үшін өз қолымен станок құрастырыпты.




«Малдың астынан шыққан көң мен шөптің сағдарларын жұрт өртеп жатыр. Босқа өртегенше неге отын ретінде пайдаланбасқа" деген ой келді. Сөйтіп, арнайы станоктың көмегімен көң мен шөп қалдықтарын сығып, бірнеше бөлікке бөліп, көмір жасап жатырмын. Жылуы да, қызуы да күшті. Мұндай құрылғы әр ауылда болса деп ойлаймын. Бір жағынан, тұрғындарға жұмыс, екінші жағынан, көп-көрім көмек болар еді», - дейді өнертапқыш.



Мақсат Күшебаев бұрын МТМ-да (машина-трактор стансасы) ұста болып жұмыс істеген екен. Қазір жеке кәсіпкер. Еліміз тәуелсіздігін алған елең-алаң шақта ауылда техника қалмағанда өз қолымен шөп таситын көлік пен темір тор тоқитын станок жасапты. Ал жақында әзірлеген көң мен сағдардан көмір шығаратын құрылғы мен отынның жасалу технологиясы туралы толық ашып айтпады.



«Мақтанып айтуға әлі ерте. Қазір бұл құрылғы жартылай жұмыс істеп тұр. Әкімшілік қолдау білдіреміз деп отыр. Сол кезде құрал-саймандарды алып, станокты толық іске қосамын», - дейді Мақсат Күшебаев.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбек адамы #көң #отын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);