ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ең перспективалы төрт нұсқа

Ең перспективалы төрт нұсқа

АЭС: Референдум 04.10.2024, 09:36 828
Ең перспективалы төрт нұсқа
Сурет ЖИ көмегімен салынды
Алдағы 6 қазан күні қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша түбегейлі шешім қабылдайды. Жалпыхалықтық референдум барысында "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға...

Алдағы 6 қазан күні қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша түбегейлі шешім қабылдайды. Жалпыхалықтық референдум барысында "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сауалға халық нақты жауап береді.

Соңғы уақытта АЭС құрылысына қолдау білдірушілердің саны артып келеді. Мысалы, "Демократия институты" қоғамдық бірлестігі тамыз айында өткізген сауалнамада АЭС салу идеясын қолдаушылардың үлесі 53,1% болса, қыркүйек айында бұл көрсеткіш 60,2%-ға жетті.

Қазақстандағы АЭС құрылысы үшін "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталық сарапшыларын тарта отырып, әлемдегі реактор жеткізушілердің технологияларын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде ең перспективалы төрт нұсқа іріктеліп, қысқа тізімге енгізілді:

  • Қытайлық CNNC компаниясының HPR-1000 реакторы;
  • Кореялық KHNP компаниясының APR-1400 және APR-1000 реакторлары;
  • Ресейлік "Росатом" компаниясының ВВЭР-1200 реакторы;
  • Француздық EDF компаниясының EPR-1200 реакторы.

Отандық атом саласының сарапшылары Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және Ресейдегі атом электр станцияларын зерттеді. Оңтүстік Кореяда атом энергетикасы ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл елде 26 реактор жұмыс істеп тұр, олар жалпы электр энергетикасының 30%-ын өндіреді. Оңтүстік Кореядағы APR-1400 реакторы - үшінші буын реакторы және қуаты 1 000 МВт болатын екі контурлы OPR-1000 ядролық реакторының жаңартылған нұсқасы. Егер елімізде АЭС құрылысына оң шешім қабылданса, Оңтүстік Корея дәл осы реакторды ұсынбақ.

Атом электр станциялары салу кезінде қауіпсіздік басты назарда болады. Оңтүстік Кореяда реакторлар күмбез тәріздес ғимараттарда орналасқан, олардың биіктігі - 72 метр, диаметрі - 54 метр. Қабырғаларының қалыңдығы мен көптеген арматуралардың қолданылуы радиацияның сыртқа таралуын болдырмайды және тосыннан ұшақ соғылған немесе басқа әсерлер кезінде де былқ етпейді.

Сеул атом электр станциясында реакторды салқындату үшін Сары теңізден су алынып, оны реактор 324 градусқа дейін ысытады. Бұл су бу генераторында салқындатылып, турбина арқылы электр энергиясын өндіреді. Жалпы, қолданылатын су радиацияға ұшырамайды, себебі реакторды салқындататын су мен теңіз суы араласпайды, яғни тұйық цикл технологиясы қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.