ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ең көп тараған алаяқтық тізбектері қандай?

Ең көп тараған алаяқтық тізбектері қандай?

Заң мен тəртіп 22.11.2023, 05:58 1,199
Ең көп тараған алаяқтық тізбектері қандай?
Сурет: Polisia.kz
Себебі, алаяқтар көбейген.

Себебі, алаяқтар көбейген. 


Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, әркім өзінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігі туралы біле бермейді, соның салдарынан олар оны сақтамайды.


Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков ең көп таралған алаяқтық тізбектері туралы баяндады:


1. Қарт адамдарға қатысты алаяқтық. Олар жәбірленушілердің үй телефондарына қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады: алаяқтар өздерін жақын туыстары ретінде таныстырып, олармен кенеттен туындаған жағдайды шешу үшін ақша аудару керек екенін хабарлайды. Көбінесе мәселе жол-көлік оқиғалары туралы болып отыр. Бұл жағдайда әңгімені өзіңіз тоқтатқаныңыз дұрыс.


2. Үлкен дивидендтер уәде ететін онлайн жобаларға ақшалай қаражат салу. Әдетте, азаматтарды криптовалюталарға, акцияларға, бағалы металдарға ақша салуға көндіреді және олар әртүрлі елдердегі жоқ абоненттік нөмірлерден жиі қоңырау шалып, инвестициялаудың артықшылықтары туралы сенімді түрде айтады. Компанияның беделін алдын ала тексеріңіз.


3. Банктен қоңырау шалады. Абонент өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады және үшінші адамдардың сіздің атыңызға несие рәсімдеу әрекеті туралы хабарлайды. Есіңізде болсын! Банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз туралы ақпаратты сұрамайды, сондай-ақ ұялы телефоныңызға жіберілген кіру кодтарын талап етпейді. Мұндай жағдайларда телефонмен сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банк сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек.


Өте маңызды: – әртүрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы сізге жіберілетін күмәнді сілтемелерді баспаңыз және әртүрлі сайттарға банк картаңыздың деректемелерін енгізбеңіз, өйткені бұл вирустық файлдар мен жеке ақпаратыңызды жинауға арналған қосымшалар болуы мүмкін, болашақта Сіздің банк картаңыздан рұқсатсыз төлемдер үшін пайдаланылады және қаскөйлерге мобильді банкингтегі қаражатыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді.



– Бүгінде Алматы полициясы алаяқтардың бүгінгі күні қалай әрекет ететіні туралы ақпараттық парақшалар мен анимациялық бейнероликтердің бірнеше нұсқасын әзірледі. Ақпараттандыңыз демек қаруландыңыз. Бұл өнімдер алаяқтардың ең танымал қылмыстық тізбектерін егжей-тегжейлі сипаттайды және оңай ақшаны жақсы көретіндердің қулығына түспеу туралы кеңестер береді. Мақсат – қоғамды қаскүнемдерден қорғау және мұндай қылмыстық көріністердің алдын алу, – деді Ілияс Өмірсеріков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.