ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Елорданың бойтұмарына - 19 жыл

Елорданың бойтұмарына - 19 жыл

Тәуелсіздік-30 18.10.2021, 08:19 1,387
Елорданың бойтұмарына - 19 жыл
Сурет: Inform.kz
«Бәйтерек» монументі Тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде әлем елдеріне танылды

«Бәйтерек» монументі Тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде әлем елдеріне танылды


Биыл Тәуелсіздікке 30 жыл. Осы уақыт ішінде еліміздің сәулеттік келбеті көркейіп, аспанмен астасқан түрлі ғимарат бой көтерді. Солардың бірегейі – «Бәйтерек» монументінің ашылғанына 19 жыл толды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Елордаға келген әр адам «Бәйтеректі» көрмей кетпейді. Сексеннің сеңгіріндегі Тожиддин Іскендіров үшін бүгін ерекше күн. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ең үлкен арманы орындалып отыр. Елордадағы «Бәйтеректі» көруді сан жыл армандаған. Биыл сәті түсіп, зайыбымен арнайы келді.



«Жарым екеуіміз Қазақстанға қоныс аударуды армандаймыз. Сәті түспей жүр. Бірақ биыл Елорданы көру бұйырған екен. Немереміз оқуға түсіп, осында шақырды. Қуана келдік. «Бәйтеректі» бұрын теледидардан көріп, тамсанатынбыз. Керемет ұнады. Мұнара – Қазақстанның мақтанышы ғой», - дейді турист Анажон Іскендірова. 



Бәйтерек – елорданың бойтұмары, сол жағалауда бой көтерген алғашқы нысан. Мұнараны салу – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы. Жапон, ресей, қазақ сәулетшілері қиялға қанат бітіріп, жобасын сызды. Қазақстандық компания оны 18 айда салды. Конструкциясына арқаның алты ай ақ боранына былқ етпейтін болат қолданылған.


«Бәйтерек» бүгінде елімізді бейнелейтін брендтердің біріне айналған. Құрылымына келсек, биіктігі – 97 метр, 19 қабатты үйдің биіктігімен бірдей. 3 бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі – теректің тамыр жаюы іспетті, жер бетінен 4,5 метр тереңде орналасқан. Мұнда түрлі кәдесый, ақпараттық орталық, билет алатын орын бар. Ортаңғы  бөлігінің биіктігі – 90 метр. Жеделсатымен 1 минутта көтеріле аласыз. Ал жоғары қабаты – алып шар. Диаметрі – 22 метр. Салмағы – 300 тонна екен. Бір қызығы, алақандай шарға 120 піл сиятын көрінеді.


«Бәйтеректің» басындағы «аялы алақанға» асықпайтын жан кем де кем. Онда алтынмен апталып, күміспен күптелген Тұңғыш Президенттің қолтаңбасы және дінбасылардың «Бата» композициясы бар. Ал көрініс залынан бүкіл елорда алақандағыдай көрінеді.


Бүгінде монументті тамашалауға ел ішінен бөлек, шет елдерден турист көп келеді. Мұнара ашылғалы 10 миллионға жуық адам бас сұққан. Олардың арасында әлем жұлдыздары мен 100-ден астам елдің басшысы бар.



«2010 жылы Македония Президенті Георгий Иванов осында қонақ болып келген болатын. Берілген 40 минуттан асып кетсе де, шәй ішіп, Қазақстаннан тарихын сұрап, тамсанғаны соншалық, кеткісі келмей 1 сағат отырған болатын», - дейді гид-экскурсовод Индира Іздібаева. 



Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символы – «Бәйтерек» мамандардың айтуынша, кем дегенде 500 жыл тұрады. Демек, әлі талай жас ұрпақты тамсандыратыны сөзсіз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.