AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Елордада ретрокөліктер шеруі өтті

Елордада ретрокөліктер шеруі өтті

Көрме 01.11.2021, 03:30 1,455 Almaty-akshamy
Елордада ретрокөліктер шеруі өтті
Cурет: Baq.kz

Жүргізушілер қаланы айнала 90 шақырымды жүріп өтті


Кезінде қайнаған тіршілікке араласып, адамға көмекші болған түрлі техниканың заманы өтіп барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Бірақ ескінің көзін тоздырмай, сақтап жүргендер де бар. Ретрокөліктерді бабында ұстап, бүгінге жеткізген шеберлер автошеру өткізді. Елордалық ретрокөліктер сапарға шықты. 


Бұл темір тұлпарлардың алды бұл өлкеге сонау тың игеру жылдары жеткізілген. Қазір де сыны кетіп тұрған жоқ. Жүргізушілер қаланы айнала 90 шақырымды жүріп өтті. Барлығы –14 көлік. 



«Қазір біз техникаға және осы жолдарды салған адамдарға құрмет білдіргіміз келеді. Біз мұндай автошерулерге әркез қатысып тұрамыз. Бұл ұзақ жылғы қалыптасқан дәстүр», - дейді ретрокөлік жүргізушісі Владислав Карелин.



Тың игеру науқаны социализм тұсындағы ірі құрылыс іспетті. 1956 жылы Ақмола облысы 238 миллионнан астам пұт астық жинаған. Оның 180 мыңнан астамы мемлекеттік қабылдау пунктеріне жеткізілді. 1958 жылғы көрсеткіштер одан да артық болды. Сол кезде облыстың колхоздары мен совхоздары мемлекетке 221 миллион 100 мың пұт бидай жинап берді. Міне, осы астықты Газ-51, Зил 164 жүк көліктері тасымалды. 


Бұл негізінен түрлі модификациядағы ГАЗ-51, Газ-21 Волга, ГАЗ-69 көліктері және ЗИЛ -164. Егер байқасаңыз, олардың тіркеуішімен бірге жүреді. Сондай-ақ жанармай тасымалдайтын көлік бар - дейді кәсіпорын директоры Ерлан Баринов. 


Ретрокөліктерді қалпына келтіруде ең қиыны ­ қажет сайман табу. Өйткені барлығында қазір түпнұсқа бөлшектер тұр. Сондықтан шеберлер мүмкіндік болса көне көліктерді өзгертпей, бастапқы қалпында сақтауға тырысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ретрокөлік #Автокөлік #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);