AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Елордада экологиялық акция өтті

Елордада экологиялық акция өтті

Өмір-өзен 22.10.2021, 15:45 1,360
Елордада экологиялық акция өтті
Яндекс.Дзен

Нұр-Сұлтан қаласында ел көлемінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан қар барысын қорғау проблемасына назар аударуға арналған «Қар барысын сақтайық» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аталған шара 23 қазан - Халықаралық қар барысы күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.



«Соңғы 100 жылда Қазақстанда қар барысының мекендеу аймағы үш есеге қысқарды. Бүгінде аталған жануардың мекендейтін аумағы 20 мың шаршы метрден сәл ғана асады. Осы орайда Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы қар барысын сақтап, қорғау және оны зерттеу үшін серіктестер ұйымдармен өзара бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күні Жетісу-Алатау ауданындағы Шолақ, Дегерес, Матай тауларында сирек кездесетін жыртқыштың мекендейтінін растау мүмкіндігі туды. Аталған өңірлерде барысты алғаш рет фототұзақ түсіріп алды», - деді БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш акция барысында.



Оның айтуынша, бүгінде елімізде қар барысының популяциясын қорғау және сақтап қалуға арналған бірнеше жоба қолға алынды.



«Жоба шеңберінде қар барысына қатысты далалық зерттеулер, браконьерлікке қарсы күрес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін құру көзделіп отыр. Сондай-ақ, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырумен қатар, Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ол.



«Қар барысын сақтайық» акциясы «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» пен «Локомотив» хоккей клубы арасындағы матч кезінде ұйымдастырылып отыр.


Ойынды тамашалаушылардың назарына қар барысына арналған фотокөрме ұсынылып, келушілер арасында ұтыс ойындар мен балаларға арналған аквагрим шоу өтті.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Барыс #Елорда #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);