ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елордада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Елордада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Әлеумет 05.11.2025, 12:04 251
Елордада Astana Media Week медиа апталығы басталды
Aqshamnews.kz
Елордада Astana Media Week медиа апталығы басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елордада Astana Media Week медиа апталығы басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

5–7 қараша күндері Астанада Орталық Азиядағы ең ірі медиа іс-шара "Astana Media Week 2025" өтеді. Биыл "Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы" тақырыбы аясында медиа мамандар, халықаралық серіктестер және мемлекеттік ұйымдар жиналып, ой қозғайды.

Үш күн бойы қатысушылар үшін медиаэтика, деректі фильм, жасанды интеллектпен жұмыс жасау, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және журналистердің біліктілігін арттыру бойынша пленарлық және панельдік пікірталастар, баяндамалар, жабық питчинг-жобалар мен тәжірибелік шеберлік сабақтар ұйымдастырылады.

Спикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, "Хабар", "Qazaqstan", Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия, Еуропадан келген сарапшылар бар.

Арнайы стриминг платформалар нарығына арналған сессиялар да өтеді. Оған TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV, Freedom Media өкілдері қатысады.

Екі күн бойы медиаорталық холлында 50 метрлік LED-экранда "Astana Media Week 2025" Контент-маркеты өтеді. Бұл жерде жаңа форматтар мен халықаралық кооперациялар таныстырылады. Контент-маркет продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар мен платформалар арасындағы іскерлік кездесулерге арналған алаң болмақ. Мұнда жаңа идеялар, пилоттық жобалар және Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Қазақстан нарықтарына арналған бірлескен өнім жасауға мүмкіндіктер ұсынылады.

"Astana Media Week 2025" аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған. Жетекші стриминг және медиамониторинг компаниялары үздік сұрақ қойған қатысушыларға жылдық жазылым сертификаттарын және Самарқанға сапар жолдамасын табыстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.