AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елордада Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдеріні...

Елордада Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Әлеумет 11.09.2021, 12:47 1,470 Almaty-akshamy
Елордада Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Cурет: Inbusiness.kz

Елордада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі жалғасуда. 


Бүгін өз өнімдерін Қызылорда және Алматы облыстары ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін өз өнімдерін Қызылорда және Алматы облыстары ұсынды.



 
«Қызылорда облысы жәрмеңкеге 11 және 12 қыркүйекте қатысады. Облыстан 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші келді. 450 тоннадан астам өнім әкелінді. Елордаға негізгі өніміміз - 140 тонна күріш әкелдік. Сондай-ақ 20 тоннадан астам ет және басқа да көптеген тауар бар», - деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Бейсебаев.



Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсұт Жапаров Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласы қатысып жатқанын айтты.



«212 млн теңгенің 462 тонна өнімі әкелінді. Барлығы 50-ге жуық тауар түрі бар», - деді Мақсұт Жапаров.



«Сондай-ақ жәрмеңкеде «Байқоңыр» ӘКК өз серіктестерінің өнімін ұсынды.



«Біздің ерекше өніміміз - ол табиғи қауын чипсылары. Бұл балаларға беруге болатын өте пайдалы өнім. Сондай-ақ біз «жантақ балын» ұсындық. Бұл жантақ шөбінен алынған бал. Өздеріңіз білетіндей, мұндай шөп Қызылордада өседі. Бұл бал алғаш рет осындай ірі көлемде жәрмеңкеде ұсынылды», - деп атап өтті «Байқоңыр» ӘКК өкілі Динара Эшатова.



Айта кету керек, нөсер жаңбырға қарамастан жәрмеңкеге жүздеген қала тұрғыны мен қонағы келді. Нарық бағасынан төмен тауарлар - бұл астаналықтар үшін өз қорларын толықтыруға және түрлі облыстың азық-түлік дәмін татуға тамаша мүмкіндік.



«Осындай жәрмеңкелерді өткізіп тұратыны өте жақсы. Кіру және шығу кезінде адамдар ағыны бақыланады және санитарлық нормалардың сақталуын қадағалап отырады. Пандемияға қарамастан, бүгін отбасымызбен бірге қажетті азық - түлік сатып алдық», - деді елорда тұрғыны Балқадиша.



Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы апта сайынғы жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Алматы облысы #жәрмеңке #ауыл шаруашылық өнімдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);