ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Елордада алғаш рет Күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Елордада алғаш рет Күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Мәдениет 23.05.2022, 09:37 1,952
Елордада алғаш рет Күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Суреттер: Inform.kz
Мәдени-рухани іс-шара Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Мәдени-рухани іс-шара Дина Нұрпейісованың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.


Алдымен «Алтын домбыра» балалар мектебінің шәкірттері мен қаладағы №37 мектеп-лицейдің оқушылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, кәсіби күйші-домбырашылар Тұрар Әліпбаев пен Анар Мұздаханова бірнеше күй тартып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Жиналғандар алдында «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев пен Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Зульфухар Гаипов сөз сөйледі.



«Өткен жылы Ұлттық домбыра күні қарсаңында күй анасы атанған Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылып еді. Салтанатты жиында азаматтар «Осы жерді болашақта өнер орталығына айналдырып, туристік кластер ұйымдастырайық» деген пікірлерін білдірген. Біздер қала әкімі Алтай Көлгіновке ұсыныс жасап, соның нәтижесінде осы алаң болашақта қазақ халқының күйшілері мен күйші-композиторлар аллеясы атанатын болды. Халыққа, соның ішінде жастарға төл өнеріміз – күйді дәріптеу мен насихаттау мақсатында мәдени іс-шараларды ұсынған болатын. Міне, бүгін сол ұсынысты жүзеге асырудың сәті түсіп тұр», - деді Т.Қуанышев.



Бағдарламаға сәйкес Күй жәрмеңкесінде жұртшылық ішінен өз өнерін көрсетемін деген адамдар ортаға шақырылды. ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, күйші, ұстаздар Айтжан Тоқтаған мен Орынбай Дүйсен қазылық жасады. Сайысқа оннан астам үміткер қатысты. Соның ішінде Наргиз Қасымова жеңімпаз атанып, үкілі домбыраға ие болды.


Күй жәрмеңкесін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесі, қалалық жастар саясаты басқармасы және «Күй анасы» республикалық қоры ұйымдастырды.






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.