AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ойын-сауық / Елорда күніне арналған іс-шаралар қызықты болмақ

Елорда күніне арналған іс-шаралар қызықты болмақ

Ойын-сауық 25.06.2021, 12:36 3,788 Almaty-akshamy.kz.
Елорда күніне арналған іс-шаралар қызықты болмақ
Сурет:Gov.kz.

Елорда күніне арналған іс-шаралар қызықты болмақ


21-29 маусым аралығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күніне орай «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың алғашқы халықаралық шығармашылық кездесуі өтеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігінің хабарына сілтеме жасап.  


Фестивальге елімізбен қатар, Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының өнер ошақтары қатысып жатыр. Кездесу бағдарламасында спектакльдер көрсетілімі, премьералар, режиссура, сахналық сөйлеу, актерлік шеберлік, ән айту, би және т. б. бағыттар бойынша театр өнерінің жетекші қайраткерлерінің мастер-класы бар. Іс-шараға өңірлік театрлардың басшылары, дипломатиялық корпус, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және т.б. шақырылды.


Біздің анықтама: Іс-шараға Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, Astana Musical Мемлекеттік театры және Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Өзбекстан Республикасы Өзбек ұлттық академиялық драма театры мен Қырғыз Республикасы Б.Қыдыкеева атындағы  Қырғыз мемлекеттік жастар театрының әртістері қатысады. Өтетін орны: Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры, «Қазақстан» орталық концерт залы, NOMAD City Hall (ЭКСПО орталығы), М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Нұр-Сұлтан қаласының жас көрерменнің музыкалық театры.


Негізгі іс-шараның бірі 4 шілдеде сағат 11:00-де және сағат 21:00-де Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазақстан» телеарнасындағы онлайн көрсетілім «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында өтеді.


Ал 2-3 шілде аралығында «Астана Балет» театрының сахнасында Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Георгий Ковтунның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэма-балетінің премьерасы өтеді.


Сонымен қатар, 4 шілде сағат 18:00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында Astana Opera халықаралық опера академиясының тұсаукесері мен салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатында итальяндық опера әншілері Маттиа Росси, Франческо Мелли, моңғолиялық опера әншісі Бадрал Чулуунбаатар, қырғыз опера әншісі Саян Исин, «Астана Опера» театрының жетекші солистері өнер көрсетеді.


Сондай-ақ 6 шілдеде амфитеатрда «Астана Опера» солистері мен камералық оркестрдің қатысуымен гала-концерт өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Будем Жить #Қазақстан #астана #күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);