AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елорда кубогында қазақстандық 23 боксшы финалға шы...

Елорда кубогында қазақстандық 23 боксшы финалға шықты

Спорт 04.07.2022, 03:57 1,302
Елорда кубогында қазақстандық 23 боксшы финалға шықты
Сурет: Inform.kz

«Елорда кубогы» халықаралық турнирі бүгін аяқталады. 4 шілдеде финалдық жекпе-жек өтіп, ерлер арасында 13 чемпион, қыздар арасында 12 чемпион анықталады. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ерлер арасында Қазақстанның 54 боксшысы сынға түскен. Соның 16-сы финалға жолдама алды. Тіпті, кейбір салмақ дәрежесінде Қайрат Сәтжанов шәкірттері финалға берілер жолдаманы өзара сарапқа салуға мәжбүр болды. Осылайша көшбасшы боксшыларымыздың нағыз бабында екені қуантты. Бұл жерлерде соңғы әлем чемпионатының финалистері - Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан сынды саңлақтарымызды ерекше атап өткен жөн. Енді олар «Елорда кубогының» чемпиондық атағын Қытай, Куба, Өзбекстан боксшыларына қарсы айқаста сарапқа салады. Айта кетейік, жартылай финал күні Қазақстан әуесқой боксының қазіргі таңдағы жарқын жұлдызы Сәкен Бибосынов 25 жасқа толды. Сонымен қатар, жартылай финалға ағайынды-егіздер Саматәлі мен Санатәлі Төлтаевтар және Айбек, Нұрбек Оралбайдар да шықты. Ал финалдағы ең қызықты жекпе-жектердің бірі 71 келі салмақ дәрежесінде өтуі тиіс. Мұнда жерлесіміз Аслан Шымбергенов әлем чемпионы, жапон Севон Оказавамен айқасады. Әйелдер боксына келер болсақ, бас бапкер Шәміл Сафиуллин сенім артқан 45 аруымыздың жетеуі бас жүлдеге таласпақ. Мұнда бәсеке тіптен жоғары. Елордаға әлем мықтылары - Қытай мен Үндістан келген.


Сондай-ақ, соңғы кездері көрші Өзбекстан қыздары да қарқын алған. Қыздар да барын салып жатыр. Әсіресе, Марина Вольнованың ерлігін атап өтпеске болмайды. Қазақстан әйелдер боксынан тұңғыш болып Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Марина 75 келіде финалға шықты. Оның ақтық айқастағы қарсыласы - Қытай боксшысы. Одан бөлек, Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова да үстемдігін байқатып, финалға шықты. Ал финалдағы боксшыларының саны бойынша Қазақстан арулары тек Қытайға жол беріп тұр.


Финалдық жекпе-жектер 4 шілдеде елорда уақытымен сағат 14:00-де басталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);