AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елжан Біртановтың апелляциялық соты тағы кейінге ш...

Елжан Біртановтың апелляциялық соты тағы кейінге шегерілді

Әлеумет 06.01.2023, 10:57 1,391
Елжан Біртановтың апелляциялық соты тағы кейінге шегерілді
Сурет: Kp.ru

Астанада апелляциялық сот өтті.


Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің үстінен қозғалған аппеляциялық сот тағы кейінге қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық сот өтті.


ZOOM платформасы арқылы өткен сот отырысы ұзаққа созылмады.



«Елжан Амантайұлы әлі ауырып жатыр. Емделу мерзімін келесі дүйсенбіге дейін ұзартты. Сондықтан апелляциялық сот отырысын кейінге қалдыруды сұраймыз», - деді Е.Біртановтың адвокаты Серік Сағалиев.



Өз кезегінде істі қарауды кейінге шегеруді сотталушы Олжас Әбішев пен бұрынғы министрдің қорғаушысы Есжан Біртанов та қолдады.



«Келесі сот отырысы 10 қаңтар сағат 10:00-ге белгіленді. Сот отырысы офлайн форматта және ашық өтеді», - деді судья Айбек Әмірғалиев.



Еске сала кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.


Былтыр қаңтарда Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті.


2022 жылы 28 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты үкім шығарды.


Бұрынғы министр сот шешімімен келіспейтінін айтып, шағым түсіретінін мәлімдеген болатын.


Елжан Біртановтың апелляциялық соты мұның алдында да бір мәрте ауыстырылған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сот #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);