AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізге еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келеді

Елімізге еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келеді

Әлеумет 25.07.2024, 20:25 1,210
Елімізге еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. 

Басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әкімдіктердің рұқсатымен елімізде 14 мың 49 шетелдік еңбек етеді.

Шетелдік басшылар мен олардың орынбасарларын жұмысқа тартуға рұқсат 576 адамға, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 мың 598 адамға рұқсат берілсе, үшінші және төртінші санаттағы мамандар мен білікті жұмысшыларға тиісінше 5 мың 353 адамға және 473 адамға рұқсат берілген. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 1 мың 899 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 мың 150 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды пайдаланатын 1 мың 796 жұмыс беруші бар. Оларда 436,1 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ын құрап отыр.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 397 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 897 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 592, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 293 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам.

Сонымен бірге еңбек мигранттары келетін негізгі елдер аталды. Олар: Қытай – 4 123 адам, Өзбекстан – 1 968 адам, Түркия – 1 152 адам, Үндістан – 1 114 адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мигрант #Қазақстан #жұмысшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);