AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Еліміздің үш облысында алаяқтар тобы ұсталды

Еліміздің үш облысында алаяқтар тобы ұсталды

Оқиға 26.07.2022, 04:45 1,392
Еліміздің үш облысында алаяқтар тобы ұсталды
Сурет: ComNews

Алаяқтардың мекенжайынан 60 азаматтың ЖСН, аты-жөні жазылған тізім табылған.


Қызылордалық полицейлер еліміздің үш қаласында интернет-алаяқтар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Осы жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің талайды сан соқтырған интернет алаяқтарды құрықтау бойынша жүргізілген арнайы іс-шарасы сәтті аяқталды. Жеңіл жолмен ақша табуды мақсат еткен әккі алаяқтар қолға түсті.



Естеріңізде болса, өңірімізде өткен жылдың қараша айынан бастап тұрғындарға белгісіз біреулер телефон арқылы хабарласып, «жақының есірткі затымен ұсталып тұр, оны жазадан босату үшін біз айтқан есепшотқа дереу қаражат аударуыңыз керек» деп үрейлендіріп, алаяқтық жолмен қаражаттарын жымқырып келген қылмыскерлер пайда болған еді.



Осы күнге дейін ұқсас фактілер бойынша облыс аумағында 32 қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 24 миллион теңгеге жуықтады. Әккі алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында полиция департаментінің білікті қызметкерлер қатарынан жедел тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары басталды. Тергеу нәтижесі жинақталған айғақтар арқылы алаяқтық тәсілдердің дәлме-дәл ұқсастығын және бұл қылмыстардың барлығын белгілі бір қылмыстық топтың жасағанын көрсетті.


Жедел тергеу тобы алаяқтардың іс-әрекеттерін дәлелдейтін айғақтардың жеткілікті деңгейде жиналғандығын назарға ала отырып, 15 шілде күні бір мезетте еліміздің үш облысында, яғни Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында арнайы іс-шара өткізді. Іс-шара барысында әр облыста бір-бірімен сыбайласу арқылы алаяқтықпен айналысып келген 8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды.



Алаяқтардың мекенжайын тінту барысында қылмыс құралы ретінде қолданылған 17 ұялы телефон, бейтаныс тұлғалардың атына жасырын тіркелген 15 абоненттік нөмірлер, 60 азаматтың ЖСН, аты-жөні жазылған тізім, ақша айналымдарын тіркеген блокнот анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.



Осылайша жұртшылықтың маңдай терімен тиындап жинаған қаражатын арбап алып, бас пайдасына жаратуға дәніккен әккі интернет-алаяқтардың жолы кесілді. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың өзге де өңірлерде орын алған алаяқтық қылмыстарына қатыстылығы тексерілуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);