AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің туристік мүмкіндіктерін таныстырды

Еліміздің туристік мүмкіндіктерін таныстырды

Әлеумет 06.03.2024, 04:57 1,042 Almaty-akshamy.kz. 
Еліміздің туристік мүмкіндіктерін таныстырды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Үрімші қаласында Қазақстан мен Қытайдың туристік әлеуетін ілгерілету және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында екі ел арасындағы туристік форум өтті.


Форумға ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың, туристік компаниялардың, туристік индустрия қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қатысушылар екі ел арасындағы туризмді дамыту перспективаларын талқылап, туристерді тарту бойынша тәжірибе мен идея алмасты, сондай-ақ жаңа туристік маршруттар құру мүмкіндіктерін қарастырды. Форум аясында екі елдің туристік компаниялары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойылды. Бұл өз кезегінде туристік саланың дамуына және Қазақстан мен Қытай арасындағы туристер ағынының артуына ықпал етеді. Форумдағы сөз сөйлеуі барысында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұртас Кәріпбаев Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны өсіп келе жатқанына және елдеріміз арасында осы саланы одан әрі дамыту үшін кедергілердің болмауына назар аударды. Сондай-ақ осы саладағы инвестициялық қызметті күшейту үшін шетелдік қонақтар мен серіктестерді тарту мақсатында Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Аталған туристік форумның «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» қарсаңында өткізілгені маңызды қадам болды. 28-29 наурызда Бейжіңде «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» ашылу рәсімі, ал жыл ішінде туризм түрлері бойынша бірқатар тақырыптық апталар өткізу, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесері жоспарланған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #Қытай #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);