Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің төтенше жағдай қызметінде штат саны арта...

Еліміздің төтенше жағдай қызметінде штат саны артады

Әлеумет 13.02.2023, 16:25 993
Еліміздің төтенше жағдай қызметінде штат саны артады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазір елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде


Еліміздің төтенше жағдай қызметінде штат саны артады. Өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейіп жатыр. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


-Бүгінде адами факторлармен қатар, техногендік сипаттағы оқиғаларға байланысты қауіпсіздік мәселесі мен төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету алдыңғы қатарға шығып отыр.


Қазір елімізде су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.


Сондай-ақ жаз мезгілі де жақындап келеді, яғни өрт қаупі де арта түседі.


Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкіністері мыңдаған адамның өмірін қиып, көпшілігі зардап шегіп, баспанасыз қалды. Бұл жағдай әр қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды.


Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын, ал Түркия және Сирия халқына осынау қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік пен сабыр тілеймін.


Сонымен қатар осындай қиын сәтте бауырлас түрік халқына қол ұшын созып, аса қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық құтқарушыларға ризашылығымды білдіргім келеді.


Бұл оқиғалардың барлығы біздің әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне аса көңіл бөлуімізді қажет етіп отыр.


Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылуда. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам.


Республика бойынша ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында үш әскери бөлімі бар. Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ.


Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбеюде.


Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты.


Осы шаралардың барлығы төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.


Үкімет осы бағыттағы жұмысын жалғастырады. Біз жедел қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, құтқарушылардың еңбекақысын көтеру жөнінде шараларды одан әрі де қабылдаймыз.


Әлемдегі тосын оқиғалар адамдардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары екенін көрсетіп отыр, - деп жазды Премьер-Министр Facebook парақшасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #маман #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.