конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Еліміздің солтүстігінде тасаттық жасау үшін Пайғам...

Еліміздің солтүстігінде тасаттық жасау үшін Пайғамбардың мүбәрәк шашы әкелінді

Оқиға 07.06.2023, 06:00 1,313
Еліміздің солтүстігінде тасаттық жасау үшін Пайғамбардың мүбәрәк шашы әкелінді
Сурет: Astanatv.kz

Солтүстік Қазақстан облысына Мұхаммед Пайғамбардың мүбәрак шашы әкелінді.


«Хабар 24»  мәліметінше, арнайы құтыға салынған асыл жәдігер уақытша ислам мәдениеті музейіне қойылған. Пайғамбардың шашы қазір Шымкент тұрғынының қолында екен. Ерте кездері оны өзбекстандық ғалымдар сыйлаған. Арнайы құжаты да бар. Ал ол "Тасаттық" намазы оқылған кезде өңірге береке әкелсін деген ниетпен жеткізілген. Бүгінде еліміздің солтүстігінде аптап ыстық. Ауа-райы 35 градустан төмендемей тұр. Сондықтан мұсылмандар қауымы Алладан жаңбыр сұрап, діни рәсім ұйымдастырып  жатыр.    



«Әмір Темірдің кезінде қызмет қылған үлкен ғұлама кісілердің ұрпақтарынан ұрпақтарына, аталарынан жетіп отырған, сақтап отырған. Бұл тек бір кісінің үйінде тұрмауы керек. Халық көруі керек. Халық сол жерде салауат айтуы керек. Соны көріп, пайғамбарға деген сағынышын сол жерде басуы керек», - деді «Қазақстан қажылар қауымдастығы»Түркістан облысы филиалының төрағасы Қалиолла Маджанов.


«Елге дұға жасау, жаңбыр тілеу. Егініміз, еккен дақылдарымыз бітік шықсын деген мақсатта осы "Тасаттық" намазын оқығалы отырмыз. Енді, әлбетте, бұл істің берекесін арттырудағы мақсаты - Пайғамбарымыздың мүбәрак шашы. Арнайы алдыртып отырмыз. Пайғамбарымыздың әрбір жүрген жері берекелі болған ғой. Сол бір берекесі тие ме деген мақсат. Адамдардың ниетіне байланысты. "Тасаттық" бүгін қаламызда болады», - деді Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы. 




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тасаттық #Пайғамбар шашы #ислам мәдениеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);