ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Еліміздің қауын-қарбызына Еуропада сұраныс бар

Еліміздің қауын-қарбызына Еуропада сұраныс бар

Экономика 08.09.2023, 04:43 1,532
Еліміздің қауын-қарбызына Еуропада сұраныс бар
Сурет: Elorda.info
Мемлекеттік кірістер комитеті бақша дақылдары - қарбыз бен қауын туралы қызықты деректермен бөлісті

Мемлекеттік кірістер комитеті бақша дақылдары - қарбыз бен қауын туралы қызықты деректермен бөлісті


Биылғы 7 айда Қазақстанға салмағы 43,5 мың тонна қарбыз бен қауын 8 911,1 мың долларға импортталған. Оның ішінде Өзбекстаннан - 34,0 мың тонна 6 444,2 мың АҚШ долларға, Ираннан - 3,1 мың тонна 2 389,8 мың долларға, Тәжікстаннан 421,5 тонна 65,3 мың долларға сатып алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Салмағы 2,9 мың тонна, құны 959,6 мың доллар болатын бақша өнімдері экспортталды. Оның ішінде Моңғолияға - 940,8 тонна 59,6 мың долларға, Латвияға - 574,2 тонна 218,3 мың долларға, Украинаға - 716 тонна 467,6 мың долларға, Германияға - 252,3 тонна 125,5 мың долларға, Польшаға - 271,3 тонна 56,1 мың долларға, Эстонияға 115,2 тонна 16,4 мың долларға сатылды.


2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда экспорт 1,8 мың тоннаға өскені байқалады», - деп жазды ведомстводан.



Жалпы, 2021-2022 жылдары Қазақстанға шет елдерден құны 23 257,53 мың доллар, салмағы 97,5 мың тонна қарбыз бен қауын әкелінді.


Соңғы екі жылда негізгі жеткізуші елдер қатарында: Өзбекстан - 66,1 мың тонна 10,7 мың долларға, Иран – 4,2 мың тонна 2,6 мың долларға, Тәжікстан – 1,3 мың тонна 204,4 мың АҚШ доллара бақша өнімдерін әкелген.



«Сондай-ақ, қарбыз бен қауын Бразилия, Коста-Рика, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстан, Пәкістан, Таиланд, Испания, Нидерланды сияқты елдерден әкелінеді.


Айта кетерлігі, біздің қазақстандық қарбыздар мен қауындар ТМД елдерінің нарығында бұрыннан танымал болғанымен, Еуропаға да белсенді экспортталады. Мәселен, 2021-2022 жылдары Қазақстаннан барлығы 7,2 мың тонна 2,2 млн АҚШ долларына қарбыз мен қауын экспортталды», - делінген ақпаратта.



Экспорттың негізгі бөлігін қауындар құрайды. Екі жыл ішінде Латвияға - 2,6 мың тонна құны 883,2 мың доллар, Украинаға - 2,2 мың тонна құны 739,3 мың доллар, Германияға - 741,2 тонна құны 384,85 мың доллар, Польшаға - 114,6 тонна құны 38,6 мың долларға экспортталды, одан бөлек Әзербайжан, Молдова, Өзбекстан, Моңғолия, Эстония сияқты елдерге де қазақстандық қауын жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.