Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің Қарулы Күштері «Көктем-2022» оқу-жаттығу...

Еліміздің Қарулы Күштері «Көктем-2022» оқу-жаттығуына қатысады

Әлеумет 03.03.2022, 05:38 1,330
Еліміздің Қарулы Күштері «Көктем-2022» оқу-жаттығуына қатысады
Сурет: Zhaikpress.kz
«Көктем-2022» оқуы шеңберінде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.

«Көктем-2022» оқуы шеңберінде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.


Қазақстанның барлық өңірінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаудың республикалық және облыстық қызметтерінің, Қарулы Күштердің және басқа да әскери құрылымдардың бөлімшелерінің республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқу-жаттығуға басшылық Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласынан жүзеге асырылады. ТЖМ мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету, басқару органдарын, күштер мен құралдарды көктемгі кезеңге және төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы мәселелері пысықталатын болады.


«Көктем-2022» оқуы шеңберінде тактикалық-арнайы жаттығулар өткізу жоспарланып отыр. Онда су тасқынына қарсы іс-шаралар барысындағы міндеттер пысықталатын болады. Қарулы күштердің бұл оқу-жаттығуға қатысуы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс жағдайларында ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асырудың маңызды шарасы болып табылады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.