AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің жеті өңірінде күн қатты ыстық болады

Еліміздің жеті өңірінде күн қатты ыстық болады

Әлеумет 27.08.2025, 10:25 574 yakiya
Еліміздің жеті өңірінде күн қатты ыстық болады
сурет: ашық дереккөз

27 тамызда Қазақстанның жеті облысында қатты ыстық болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бір өңірде ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек батыс пен солтүстікте жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, күндіз қатты ыстық күтіледі:

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысында, Алматы облысында, Жетісу облысында – +35…+37°С дейін;
Маңғыстау облысында – +38°С дейін;
Қызылорда облысында – +40°С дейін.

"Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс пен солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, батыс пен солтүстікте түнде және таңертең – тұман болады", - делінген болжамда.

Сонымен қатар, гидрометорталықтың мәліметінше, кейбір өңірлерде:

Жоғары өрт қаупі – Алматы облысында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының батысында, Абай облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында күтіледі;

Өте жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде болжанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #ыстық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);