ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Еліміздің жарты миллионнан аса оқушысы «Код сағаты...

Еліміздің жарты миллионнан аса оқушысы «Код сағатына» қатысады

Әлем 20.11.2023, 08:17 1,453
Еліміздің жарты миллионнан аса оқушысы «Код сағатына» қатысады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Бүкіләлемдік «Код сағаты» акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Бүкіләлемдік «Код сағаты» акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.


Жарты миллионнан аса оқушы «Код сағаты» дүниежүзілік акциясына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.


Бұл шара еліміздің барлық мектептерінде информатика сабақтары аясында өтеді.


Биыл 4-11 желтоқсан аралығында қазақстандық оқушылар «Код сағаты» бүкіләлемдік акциясына үн қосады.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, шара инновациялық технологиялар туралы білімді ерекше форматта таратуға бағытталған. Апталық оқыту акциясын ведомство қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр.



Бүкіләлемдік «Код сағаты» акциясы Қазақстанда 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы оған еліміздің әрбір оныншы оқушысы қатысты. Биыл біз жарты миллионнан астам оқушы қатысады деп күтудеміз. Басты мақсат – оқушыларда компьютерге немесе интернетке қолжетімділіктің болмауына қарамастан, IT саласына барлық тілек білдірушілерді тарту. Бағдарламаларда балалар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Қазірдің өзінде біз информатика пәнінің мұғалімдерін сабақ беруде инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандырудамыз. Ол үшін біз «Дарын» өңірлік орталықтарымен бірлесіп, бүкіл ел аумағында семинарлар мен дәрістер өткізудеміз. Мұғалімдерге толық сабақ жоспары ұсынылады. Биылғы тақырып жасанды интеллектке арналған, – деді қордың негізін қалаушылардың бірі Асылбек Мұрзахметов.



Бұл шара еліміздің барлық мектептерінде информатика сабақтары аясында өтеді. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қатысады. Ең белсенді оқытушылар мен қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінен сертификаттар табысталып, FIRST жарыстарына қатысуға мүмкіндік беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.