ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» ат...

Еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағын иеленбек

Білім және ғылым 27.09.2021, 04:47 1,454
Еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағын иеленбек
Сурет: 24.kz
Биыл 173 мұғалім арасынан үздік педагогтар анықталады

Биыл 173 мұғалім арасынан үздік педагогтар анықталады


173 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына үміткер. Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz сайтының хабарлауынша, кәсіби мереке қарсаңында еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болады. Ауқымды байқауға қатысушылар арасында 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтері бар. Олардың барлығы аудандық, қалалық және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ұсынылды. «Өткен жылдан бастап конкурсқа қатысу үшін өтінімдер, материалдар электрондық форматта қабылданады.


«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар мұғалімдер үміткер бола алады. Конкурс шеңберінде педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі, педагог қызметінің нәтижелілігі және оның кәсіби шеберлігі ескерілетін болады», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.


Республикалық конкурстық комиссияның қазылар алқасының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері және тағы басқалар кірді.


Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурс аясында 500-ге жуық мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогі марапатталды. «Үздік педагог» атағының иегерлері төсбелгі мен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алады.


Республикалық марапаттан басқа, «Педагог мәртебесі туралы» заң шеңберінде әкімдіктер біржолғы ақшалай төлемдері бар жергілікті наградаларды тағайындады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.