ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – аза...

Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту

Әлеумет 05.12.2024, 09:40 648
Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту
Сурет: Gov.kz
Жыл қорытындысы. Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары: тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтарды қолдау

Жыл қорытындысы. Қазақстанның негізгі әлеуметтік бастамалары: тұрмыс сапасын жақсарту және азаматтарды қолдау

2024 жылы мемлекетіміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген әлеуметтік тұрғыда өзгерту бағытын жалғастырды (https://primeminister.kz/news/previews/turgyn-uy-kurylysynan-zeynetakyny-kobeytuge-deyin-2024-zhyly-ukimettin-aleumettik-koldauynyn-negizgi-sharalary-29430). (https://primeminister.kz/news/previews/turgyn-uy-kurylysynan-zeynetakyny-kobeytuge-deyin-2024-zhyly-ukimettin-aleumettik-koldauynyn-negizgi-sharalary-29430) Еліміздің экономикалық стратегиясының негізі – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл әлеуметтік қолдау мен реформалардың маңызды шараларында көрініс табады.
 
Әлеуметтік төлемдер және зейнетақыны көбейту
 
2024 жылы мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталды. 

Қаңтар айында зейнетақының кезекті рет өсті: базалық – 7%-ға, ал ынтымақтастық – 9%-ға артты. 

Жинақтаушы зейнетақы алатын 459 мың адамды қосқанда, 2,4 млн-нан астам зейнеткер қамтылды.

Ең төменгі жалақы және жұмыспен қамту

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілді, бұл шамамен 1,8 млн адамды қамтыды. Бұдан басқа, 600 мың мемлекеттік қызметші үшін жалақыны кезең-кезеңімен 20%-ға арттыру жүргізілді. Жұмыспен қамту бағдарламалары 845 мыңнан астам азаматты, соның ішінде жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік инвестициялаудағы инновациялар

Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру үшін жобалардың инновациялық навигаторы құрылды. Жүйе кадрлық қажеттіліктерді талдауға және жобалардың сапасын бақылауға көмектеседі. 2024 жылы платформада 33 трлн теңгеге 755 жоба бақыланады, олар 150 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Білім беруді дамыту

 2024 жылы ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақыны көбейту маңызды қадамы іске асырылды. 

Бакалавр стипендиясы 20%-ға, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін 75,6 мың теңгеге дейін өсті. 

Интерндер үшін стипендия 85, 4 мың теңгені, резиденттер үшін – 123, 1 мың теңгені, ал магистранттар мен докторанттар үшін өсім 15-20% құрады.
 
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы
 
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы жинақтау шоттарына жіберілетін бағдарлама жұмыс істейді. Биылдың өзінде $695,5 млн есептелді. 2024 жылы 18 жасқа толған немесе толатындарға $30,6 млн төленеді. Ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға және жоғары білім алуға төлеуге бағыттауға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.