AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің бес өңірі қысқы мал азығын дайындап үлге...

Еліміздің бес өңірі қысқы мал азығын дайындап үлгермей жатыр

Әлеумет 30.08.2023, 08:32 1,126
Еліміздің бес өңірі қысқы мал азығын дайындап үлгермей жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемшөппен қамтамасыз ету және жедел әрекет етуді үйлестіру жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.


Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректеріне сәйкес республика бойынша шөп дайындау 20,7 млн тоннаны немесе жоспарланған көлемнің 82,7%-н құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Шөп қоры бойынша көшбасшылар Түркістан (100,9%), Қостанай (100,0%), Жамбыл (97,2%), Солтүстік Қазақстан (93,1%) және Ақмола (92,7%) облыстары болып табылады.


Республикалық деңгейден едәуір төмен көрсеткіштер Павлодар (38,1%), Шығыс Қазақстан (57,2%), Атырау (57,9%), Батыс Қазақстан (58,8%) және Абай облыстарында сақталып отыр», - деп жазды АШМ-нан.



Вице-министр Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің жыл басынан бері жемшөп дайындауды субсидиялауға қарастырылған 11,7 млрд теңге субсидия көлеміне қосымша 10,1 млрд теңге бөлетінін хабарлады.


Облыс әкімдіктеріне қыстайтын жерлерге жем дайындау және тасымалдау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз етуді бақылауда ұстау, бұл ретте бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.


Сонымен қатар, фермерлерді жемшөп дайындау жұмыстары кезінде жеңілдікті дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Ұлытау облысының әкімдігіне жем дайындауға бөлінген арзандатылған дизель отынының көлемін төлеу және іріктеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау жүктелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мал азығы #жемшөп #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);